Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «ЖАСТАРМЕН БІРГЕ!»: ЖАСТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ОН КҮНДІК БАСТАУ АЛДЫ

«ЖАСТАРМЕН БІРГЕ!»: ЖАСТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ОН КҮНДІК БАСТАУ АЛДЫ

Бүгінде еліміздегі әрбір үшінші тұрғын «жастар» санатына жатады екен. Қазақстанда «жастар» санаты кеңейіп, қазір 14 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар «жастар» болып саналады. Осылайша жастар ел халқының 30 пайызға жуық үлесін алып отыр.
12 тамыз — Халықаралық жастар күні. Бұл мерекеде жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен жер жерде түрлі іс-шаралар қолға алынады. Осылайша әлем халықтарының жастары бұл күні ерекше атап өтуді жөн көреді. Бұл мерекені атап өтуден шымқала да құр алақан емес екен.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағулова «Жастармен бірге!» жастар күні шеңберінде өтетін онкүндік жоспарын баяндап, брифинг өткізді.
3-15 тамыз аралығында өтетін әр күн нақты атаумен бекітілген. Осы ретте мереке аясында түрлі ағартушылық іс-шаралар, көрмелер мен флешмобтар ұйымдастырылады. Жастар қоғамның барлық саласынан көрініп, белсенділіктерін көрсетуге мүмкіндік туады.
Он күндік тақырыптары ауқымды екен. Қала жастарының арасында білім құндылықтарын, зияткерлікті дамыту, ғылымды зерделеу ету мақсатында OTYRAR ТК-да «ОЙғаБАЙ Show» зияткерлік-ойын-сауық бағдарламасы да осы он күндік аясында өткізілмек.
«Мейірімділік мекені» күні аясында қайырымдылықты қолдау, өзара көмек және әлеуметтік жауапкершілік идеяларын ілгерілету мақсатында Қарттар үйінде 7-тамыз күні концерттік бағдарлама өтеді.
Ал, 8-тамыз – «Адал Азамат» күні аясында жастардың коммуникациялық дағдыларын дамыту, инновациялық әлеуетті қолдау мақсатында «Қазақстан жастары» қоғамдық пікірін өлшеу қорытындыларын таныстыру форматындағы сараптамалық пікірталас, жастарға мотивациялық кездесулер өтеді.
Іс-шаралар тізімінде жастардың басты мәселесі жұмыссыздық та тасада қалмапты.
9-тамыз күні «Еңбек бәрін де жеңбек» күні аясында «Enbek Fest’ 24» жастар бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылуда.
10-тамыз «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атауымен ұлттық тарих пен мәдениетті насихаттау, ұлттық сананы нығайту мақсатында әлеуметтік желілерде челлендждер өткізіледі. Сондай-ақ, нашақорлықтың, лудоманияның және вандализмнің таралуының алдын алу мақсатында «Qorǵan’24» жастардың ақпараттық рейді өтеді. Он күндік 12-тамыз күні «Жастармен бірге!» open air форматында концерттік кешпен аяқталады.
Қорытындылай келе, аталмыш іс-шаралар тізбегі жастардың әлеуетін толық іске асыру, сондай-ақ жастарға жол көрсету, қоғамдық-мәдени іс-шараларға белсенді атсалысуын насихаттау мақсатында сондай-ақ қала жастарына мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында өткізіледі.

Пікір жазу