Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша Департамент басшылығы апта сайынғы кеңестер өткізеді.
Сондай-ақ жұртшылық үшін «жариялылық» стандартын іске асыру мақсатында аудит материалдары БАҚ-та жарияланған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылдың I жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары туралы» тақырыбындағы баспасөз конференциясында айтылды. Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 20 іс-шара өткізіліп, кеңінен таратылған.
Сонымен қатар, Ішкі мемлекеттік аудит Қағидаларының 31-тармағына сәйкес департамент басшысының орынбасары Әдеп жөніндегі уәкіл аудитке шықпас бұрын аудиторлармен техникалық оқу (нұсқама) жүргізген.
Атап айтқанда барлығы 81 инструктаж жүргізілген, оның ішінде қарсы тексерулерде бар. «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы түскен азаматтардың барлық өтініштері қабылданады, мерзімінде Заңға сәйкес жауап беріледі және қатаң бақылауда тұр. 2024 жылдың 6 айы бойынша 1419 жолданым түскен, 1243 өтініш жабылған, 130 өтініш басқа органдарға қарау үшін жолданған, 110 өтініш қаралуда. Құқық қорғау органдарынан келген хаттар бойынша тиісті шаралар қабылдануда және де қажет болған жағдайда Департамент қызметкерлерімен жиналыс өткізіліп, заңдылықты бұзушылыққа жол бермеу мәселелері талқыланып, хаттама түзілуде. 2024 жылы Прокуратурадан 3 заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну, Шымкент қаласының тексеру комиссиясынан 11 әкімшілік шара көру жөніндегі хаттар, басқа да органдардан 34 әкімшілік шара көру жөніндегі хаттар келген. Департаментпен 6 айдың қорытындысы бойынша 497 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 46 499 420 теңге бюджетке айыппұл төленген.