Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ШЫМКЕНТКЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ШЫМКЕНТКЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Жаслан Мадиев Шымкенттегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ны жұмыс барысымен танысты.
Министр алғашқы кездесуді Мәделі Қожа көшесі, 1 Г мекенжайында орналасқан ХҚКО-ның қызметкерлерімен кездесуден бастады. 2022 жылы қайта жаңартудан өткен орталық заманауи техникамен жабдықталған және мемлекеттік қызметтерді тез әрі ыңғайлы алу үшін аймақтарға бөлінген. Азаматтар мұндағы «Connection point» секторынан маман көмегіне жүгінбей, қажетті құжаттарды өздерінің алуына мүмкіндік жасалған.
Қажет болған жағдайда орталық операторлары тұрғындарға цифрлық сауат негіздері мен электронды үкімет порталында және «ХКҚО» мобильді қосымшасында жұмыс істеуді үйретеді.
Жыл басынан бері аталып отырған өзіне-өзі қызмет көрсету секторында 100 мыңнан аса шымкенттік тұрғын қызмет алған.
— ХҚКО-мен қоса біз мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының да жұмысын көрсеттік. ЖЖЕ 3.0 жүйесін енгізу және заманауи технологияларды қолдану нәтижесінде жүргізуші куәлігін алуға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы едәуір жақсарды», – деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Еске салайық, Шымкент қаласында 12 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр, оның ішінде төртеуі – мамандандырылған қызмет көрсету орталығы. Сондай-ақ, көші-қон қызметтерін көрсету және кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығы да бар. Барлығы Kaizen қағидатымен жұмыс істейді.
Жыл басынан бері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қалалық филиалында 554 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген екен. 29 мыңнан аса азаматқа жүргізуші куәлігі беріліп, автокөліктерді қайта тіркеуге байланысты 82 мың қызмет көрсетілген.
Сапар аясында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Жаслан Мәдиев мегаполистегі байланыс сапасына да назардан тыс қалдырған жоқ.
Іс-сапар барысында Тұран және Шымсити шағын аудандарындағы интернет-байланыс жүйелерін бақылап, жауаптылармен кездесу өткізді. Министр өз сөзінде сенімді байланыс өңірді цифрландырудың және қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттырудың маңызды элементі екенін айтты.
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Шымкент қаласының шалғайдағы шағын аудандарына жоғары жылдамдықты интернет белсенді түрде қосылуда. Министрлік жүргізген интернет пен ұялы байланыс сапасына жасалған талдау жеткіліксіз қамтылған аймақтарды анықтауға мүмкіндік берді. Туындаған мәселелерді тиімді шешу жолдары алдағы уақытта жоспарлы түрде жүргізілмек.

Пікір жазу