Қайнарбұлақ тұрғын алабының тұрғындарының 1 ай бұрын көтерілген мәселесі бойынша қазіргі таңда топырақ жолдарға тас төсеу жұмыстары атқарылуда,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған құрылыс жұмыстарымен аудан әкімі арнайы танысып, тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында тас төсеу жұмыстарын сапалы орындалуын тапсырып, ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар, Саяжай тұрғындарының өтініштері бойынша тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселесі талқыланып, қоқысты шығаруға “ЖК Ғалымжан” копманиясы ұсынылды. Аталған компаниямен тұрғындар арасында жеке келісім шартқа тұру арқылы қоқыс шығару жұмыстары жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, қоқысты шығару бойынша тұрғындар тарапынан уақытылы төлемдер жасау қажет екені түсіндірілді.
© Didarbek.kz