
Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысы құрылып, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілген соң көптеген нысандар Түркістан облысының меншігіне өткен болатын,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы бойынша мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігін арттыру және жергілікті бюджеттен ғимараттарды жалға беру құнын оңтайландыру мақсатында Түркістан облысының әкімімен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды бірқатар нысандарды коммуналдық меншікке өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.