Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЖЕР ТЕЛІМІН МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРҒАН…

ЖЕР ТЕЛІМІН МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРҒАН…

Шымкент қаласының әкімдігі Қошқар ата өзені бойын абаттандыруға үлес қосқан 28 азаматқа алғыс білдіреді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ғабит Мәуленқұлов мәлімдеді.

– Қошқар ата өзенінің бойын абаттандыру жұмысының бірінші кезеңі бойынша өзеннің екі жағалауынан 10 метр жерді абаттандыру жоспарланған болатын. Дегенмен, бұл жұмысқа өзен бойындағы 96 жер учаскесі кедергі келтірді. Оның 20-сы – үй, 14 – жеңіл құрылыс нысаны, 33 – гараж, ал 28 жер учаскесінде құрылыс нысаны жоқ. Алайда жер учаскелерінің барлығы жекеменшікте болды. Арада жүргізілген келіссөз нәтижесінде осы жер учаскелерінің иелері құрылысын нысандардын бұзуға келісім берді. Сол үшін жер иелеріне әкімдік атынан алғыс білдіремін. Ал 20 жер учаскесінің иесі, тіпті, өз жерлерін мемлекет меншігіне ақысыз қайтарып берді. Оларды қаланың нағыз патриоты деп айтар едім. Туған қаласына жаны ашитын, қаланың болашағына бей-жай қарамайтын азаматтар осындай болар, – деді Ғ.Мәуленқұлов.

Қошқар ата өзені бойын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Ордабасы алаңынан Өзбек көшесіне дейін өзен бойымен жүріп өтуге еш кедергі жоқ. Қазіргі таңда босаған жерлерді абаттандыру, көріктендіру жұмыстары басталды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу