Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ АУДАННЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ АУДАННЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Төлеген Телғараев аудан активіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» тақырыбындағы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека
Жолдауды халық арасында кеңінен насихаттап, оның аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды таныстыруға арналған жиында аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынғанын айтты.
— Жолдауда «…республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жатыр. Бұл – бұрынғы және қазіргі Үкімет жұмысындағы үлкен олқылық. Мұндай жағдай жиі қайталанса, түптеп келгенде, еліміздің дамуын тежейді. Сондықтан оған жол бермеу қажет. Бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, оның шығыс бөлігін шектеп, қатаң бақылауда ұстаған жөн. Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп, осы мәселеге қатысты нақты шаралар қабылдауға тиіс»- деп тапсырма берілді. Ол бойынша ауданда бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында қосымша кіріс көздері анықталып, алдағы болатын бюджетті нақтылау барысында аудан бюджетінің кіріс бөлігін 93 750,0 мың теңгеге, ал қала, ауылдық округтер бюджеті 169 758,0 мың теңгеге ұлғайту жоспарлануда. 2024 жылы аудан бюджетінің кіріс бөлігі 4 016 162,0 мың теңге болып бекітілсе, 2025 жылы 4 790 254,0 мың теңгеге бекітіледі. Бюджет қаржысын тиімді пайдаланып және шығыс бөлігін оңтайлы игеру мақсатында аудан бюджетін 43,0 млн теңге тиімсіз жоспарланғандығы анықталып, бірінші кезектегі қажетті шығындарға бағытталатын болады, деді өз сөзінде аудан әкімі.
Возможно, это изображение 2 человека
Президент Жолдауында еліміздің экономикалық, халқымыздың әлеуметтік жағдайын көтере түсу жолдарын нақты белгілеп бергенін айтқан аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы тұрғындардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару, кері байланыс орнату, ашықтық, диалогқа дайын болу – мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдығының бірі екеніне тоқталды. Экономиканың тұрақты дамуы бізге ауданның әл-ауқатын жақсартуды жалғастыруға мүмкіндік беретінін түсіндіріп, ауданның тұрақты дамуы жолында жүйелі жұмыс жүргізуге шақырып, нақты тапсырмалар жүктеді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу