Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АУДАН ӘКІМІ АТАМЕКЕН ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ АТАМЕКЕН ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту мақсатында, тұрғындармен тікелей қарым-қатынаста болу үшін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов бекітілген кестеге сәйкес Атамекен ауылдық округі тұрғындарымен кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Жетісай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек и помост
Аудан басшысының есептік кездесуіне бөлім басшылары мен аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Есімжан Надиров, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Бақыт Жаңбырбаев пен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Сакен Досымов, газ таратушы және электр желілері мекемелерінің өкілдері, білім және денсаулық сақтау салаларының басшылары, жергілікті тұрғындар қатысты.
Халықты толғандыратын проблемалық мәселелердің шешілу жолдары мен мерзімдерін бірігіп талқылау мақсатында өткен алдыңғы жиында атамекендіктер тарапынан 8 мәселе көтерілген болатын. Тұрғындарды толғандырып жүрген әлеуметтік және басқа да өзекті мәселелердің 4-і бүгінде өз шешімін тапқан болса, қалғандары тұрақты бақылауға алынып орындалу үстінде.
Возможно, это изображение 5 человек
Нақтырақ айтар болсақ, ұзындығы 15,5 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар КХ-87 «Кетебай – Қараөзек – Атамекен» автомобиль жолын орта жөндеуден өткізу үшін бюджеттен бөлінген 890 млн теңгеге тиісті жұмыстар жүргізілуде. Нысан 2025 жылға өтпелі.
Жемісті елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 2,3 шақырымды құрайтын Береке, Жастар, Жеңіс, Талапты елді мекеніндегі Еңбекші көшелеріне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қаржы қаралып, бүгінде мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатса, «Мақташы» мектебінің алдына бүгінгі таңда жол кедергілері орнатылған.
Сонымен қатар, биылғы жылы Тыңдала ауылындағы ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеуге 4 млн теңге, Жемісті ауылынан спорт алаңшасын салуға 22 млн теңге, Талапты, Мақташы ауылдарынан футбол алаңшасын салу жұмыстарын бастауға 2,1 млн теңге бөлінген.
Ал, ішкі жолдардың сапасын жақсарту мақсатында Мақташы ауылынан 2 көшені, Қоғалы ауылынан 3 көшені, Әлімбетов ауылынан 1 көшені орта жөндеуден өткізу үшін 96,3 млн теңге қаралған.
Возможно, это изображение 5 человек и текст
Осы және өзге де мәселелер бойынша айтылған өтініштер мен ұсыныстардың жүзеге асырылуын айтып, қойылған қосымша сұрақтарға жауап берген аудан басшысы тұрғындардың мәселелерінің ешбірі аяқсыз қалмайтынын, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтты.
Кездесуден кейін Серік Үсенұлы округ тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу