Аудан әкімі Азат Оралбаев жұмыс сапарымен Шұбар ауыл округінде болып, ондағы каналдардың қазіргі жағдайымен танысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан басшысы алдымен жылдар бойы мәселесі шешілмей келген “Балпан” каналында атқарылған жұмыстарымен танысып, нысан басында шаруалармен кездесті. Одан кейін Аққойлы каналының жағдайын көріп, ондағы мәселелерді шешу үшін сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Сапар барысында ірі шаруашылық саналатын “Шұбар” ӨК жұмыстарымен де танысты.
© Didarbek.kz