Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУДА ЖҰПТАРҒА АРТЫЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖОҒАРЫ

ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУДА ЖҰПТАРҒА АРТЫЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖОҒАРЫ

⚡️«Отбасы күні» мерекесіне орай, Сайрам Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын Қолдау Орталығы» және Сайрам аудандық Азаматтық xaл актілерін тіркеу бөлімі (АХАТ) мамандарының бірлесуімен, ерлі-зайыптылардың неке қию рәсімі өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сайрам Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
✨Салтанатты рәсім барысында аталған мекеме мамандары тарапынан жаңадан шаңырақ құрған жұптарға керекті көптеген өмірлік кеңестер айтылды.
✅Атап айтқанда, жас отбасылардың құқықтық және қаржылық сауаттылықты өз деңгейінде білуі, зорлық-зомбылықтың алдын алуы және жол бермеуі, эмоционалды интеллект, жұптардың бір-бірінің алдында жауапкершілікті сезіне білуі, салауатты өмір салтын ұстана отырып денсаулықты сақтауы және отбасында жарасымдылық орнатуы сияқты маңызды мәселелер бойынша олардың өмір жолына бағыт-бағдар берілді.
✳️ Бұдан бөлек, тұрмыста мұндай келеңсіздіктерге тап болған кезде тығырықтан тез арада шығудың тиімді жолдарын жүзеге асыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу