Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАР СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАР СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

Елімізде сәуір айынан бері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама болды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 4 человека и дерево
Бұл жөнінде Президентіміз соңғы Жолдауында: «Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады. Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс» — дей келе, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет екенін басып айтты.
Возможно, это изображение 14 человек
Қазығұрт ауданында атаулы экологиялық акция барысында тұрақты түрде ауқымды істер атқарылып жатыр. Бүгінгі күні қазығұрттықтар сенбілікке белсене араласып, республикалық және облыстық маңызы бар көше бойларын, елді мекендерде, саябақтар мен скверлерде, мемлекеттік мекеме аулаларында, көпшілік орындарда және тұрғындардың жеке жайларында ағаш бұтау, арам шөптерін жұлу, қоқыстардан тазарту, әктеп-әрлеу сынды жұмыстарды жүргізді. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхамедғали Әшірбаев сенбілік барысын аралап, оң бағасын беріп, белсенді азаматтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, өзі де сенбілікке қатысып, барша аудан тұрғындарын тазалықты қолдауға шақырды. Сенбілік жұмыстарына барша мемлекеттік мекеме қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық жұмысшылар, аудан тұрғындары мен еріктілер қатысты.
Возможно, это изображение 7 человек
Мұның баршасы отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үндейтін шаралар. Сондықтан, Қазығұрт ауданында тазалық жұмыстары жыл бойында жалғасын табатын болады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу