Халықтың сұранысына орай Келес ауданының Бірлік ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылында 45 орындық дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Бұл ғимарат кең әрі ыңғайлы болмақ, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Келес Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бір қабаттан тұратын ғимараттың құрылысын «Шаңырақ» өндірістік коопретиві жүргізуде.
Қазіргі таңда ғимараттың іргетасы құйылып, қабырғалары тұрғызылуда. Түркістан облысының құрылыс басқармасының тапсырысысмен жүзеге асып жатқан құрылыс жұмысына бюджеттен 305 миллион теңге бөлінген. Дәрігерлік амбулаторияның негізгі міндеті — аурушаңдықтың, тұрғындар арасындағы өлім-жітімнің алдын алу және төмендету бойынша профилактикалық іс -шараларды жүргізу, ауруларды ерте анықтау, науқастарды уақтылы медициналық тексеруден өткізу болып табылады.
Айта кетейік, Бірлік елді мекенінен бой көтеріп жатқан медициналық нысан Бірлік, Мәдениет, Ащысай және Қосөткел ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсетуі белгіленген. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңында аяқталып, қолданысқа берілетін болады.
© Didarbek.kz