Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖАСТАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

ЖАСТАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

2024 жылдың 29 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында Біріккен Араб Әмірлігінде жастар және жасөспірімдер арасында бокстан Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қазақстанның ұлттық құрама команда сапында ауданымыздың екі спортшысы Тұрлыбай Ерубай және Мұхит Айсұлу өнер көрсетті. Әлемнің 26 мемлекетінен 500 ге жуық боксшы қатысқан байрақты бәскеде ауданымыздың боксшылары қарсылатарын айқын басымдылықпен жеңіп, Тұрлыбай Ерубай 80 келі салмақ дәржесінде ақтық бәсекеде Өзбек елінің боксшысын жеңіп Азия чемпионы атанды.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Ал, Мұхит Айсұлу 66 келі салмақ дәржесінде қол жүлдені иеленді. Ауданымыздың спортшыларын жеңістерімен құтықтай отырып алдағы байрақты бәсекелерде көк туымызды көкте желбіретуге тілектеспіз.

Пікір жазу