Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ» ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ» ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Түркістан облысында білім беру мекемелерінің ғимараттарын салу жұмысы өте қарқынды жүріп жатыр, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңірде 21 білім нысанының құрылысы қолға алынып, оның 4-еуі тапсырылған. Жыл соңына дейін 10 білім нысаны тапсырылады, 7-еуі келесі жылға өтпелі. Сонымен бірге «Жайлы мектеп» жобасы да сәтті жүзеге асырылуда. Осы жоба арқылы 63 мектеп салу көзделген. Оның 29-ының құрылысы аяқталуға жақын.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласында салынып жатқан «Жайлы мектептердің» құрылыс барысын қадағалап, мердігер мен жауапты басшыларға жұмысты ширатуды тапсырды.
Возможно, это изображение текст
Жаңа қала аумағында 2 мектеп бой көтеруде. Сонымен бірге «Яссы» шағынауданында 1200 орындық білім ошағы салынып жатыр. Мердігері –«YDA INSAAT SANAYI VE TICARET ANONIM SIRKETI» АҚ. Құрылысы 2023 жылдың желтоқсан айында басталған нысанды биыл жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған.
Облыс әкімі жұмысты жеделдету, құрылысшылар санын көбейту, білім ұясын талапқа сай салу жөнінде тапсырма берді. Сонымен бірге бұл білім ұяларын білікті ұстаздармен қамту мәселесі де назарда тұруы керектігін жеткізді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу