Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 530 НЫСАНДА ЗАҢСЫЗ ОРНАТЫЛҒАН ЖАРНАМА АНЫҚТАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 530 НЫСАНДА ЗАҢСЫЗ ОРНАТЫЛҒАН ЖАРНАМА АНЫҚТАЛДЫ

Шаһардағы маңдайшалар мен жарнамалардың талапқа сәйкестігі күнделікті бақылауда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек, раздвижная дверь и текст
Қалалық «Сәулет және қала құрылысы бөлімі қаладағы кәсіптік нысандарды аралап, қадағалау жүргізуде.
Соңғы көрсеткіштерге сәйкес, аралау нәтижесінде 530 нысанда заңсыз орнатылған жарнамалар анықталған. Оларға түсіндірме жүргізіліп, 234 нысанда жарнамалар заңға сәйкес жойылып, 62 маңдайша талап бойынша тіркеуге алынды.
Нет описания фото.
Айта кетейік, ережеге сәйкес, ілінген жарнама, маңдайша немесе хабарлама иелеріне ескерту берілгеннен кейін 13 күн уақыт белгіленеді. Аталған мерзімде жарнама, маңдайша немесе хабарлама реттелмесе, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 460-шы бабы бойынша хаттама толтырылып, заңға сәйкес шара көріледі.
© Didarbek.kz

Пікір жазу