Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » МЕН АЭС-КЕ ҚАРСЫМЫН!

МЕН АЭС-КЕ ҚАРСЫМЫН!

Әрине, қазір Атом электр станциясының құрылысын Қазақстанда бастауды қолдайтындардың қарасы қалыңдады. Өйткені, «қызметін» ойлағандар, «жоғары жаққа» алаңдағандар, жеке мүдденің жетегінде кеткендер «қолдау білдіруді» тиімді әрі қауіпсіздеу деп қабылдайтын сияқты. Бірақ, тәжірибелі мамандары тапшы, экономикасының даму деңгейі төмен, сыбайлас жемқорлардан бас көтере алмай жүрген Қазақстан тұрмақ, кезіндегі алып мемлекеттердің бірі – КСРО мен экономикасы көкке қарай қанат қаққан Жапония елдері Чернобыль (1986 ж.) мен Фукусима (2011 ж.) апаттарынан орасан зор зардап шеккені жадымызда ғой! Ал, АҚШ мен Франция: Три-Майл-Айленд (1979 ж.) пен Сен-Лоран-дез-О (1980 ж.) апаттарынан күні бүгінге дейін ес жия алмай жүрген жоқ па? Әлемнің дамыған елдері өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаған тұста, ондай жойқын қауіпке жол ашқанымыз жараспас. Біз бүгін бармыз, ертең – жоқпыз. Келер ұрпақтарымызға күмәнді болашақ дайындап беруіміз еш ақылға симайды!..
Одан да АЭС соғатын қаражатты күн энергиясын пайдалануға жұмсасақ, депутаттарымыз бен билік басындағылар аштан қырылып қала ма? Әлде бұл жерде басқа бір гәп бар ма екен?.. Жалпы менің түсінігімде, АЭС құрылысын қолдау – халқымызға, оның келешегіне өлшеусіз қиянат жасаумен тең сияқты!..
Қалай ойлайсыздар?..

© Әсет Әссанди.

Пікір жазу