Биыл Түркістан облысында 1100,3 шақырым жол жөнделіп жатыр, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Кентау Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жыл соңына дейін соның 546,6 шақырымы, яғни 149 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Оның ішінде Кентау қаласына қарасты 22 көше бар. Олардың жалпы ұзындығы 14.5 шақырымнан асады. Аталған жолдардың сапасын нығайту, бақылауды күшейту күн тәртібінде тұрған жайт.
Осыған орай Кентау қаласы әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов мен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ұлан Жамбылұлы Ұлттық сапа орталығының Түркістан облыстық филиалына арнайы барды. Мекеме басшысы Ғалымжан Утенбаевқа атқарылып жатқан құрылыс барысын баяндап, жол сапасын жақсарту бағытындағы бақылаулар назарда болатыны айтылды.
© Didarbek.kz