Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

Шымкент қаласында белсенді жастар арасында қалалық дебат турнирі сәтті аяқталды. Турнир барысында жас қатысушылар “АЭС-тің экономика мен экологияға пайдасы” тақырыбында қызу пікір алмасты. Олар атом энергетикасының артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылап, бұл мәселенің экономикалық және экологиялық аспектілеріне қатысты түрлі көзқарастарын білдірді.

Қатысушылардың пікірталас мәдениеті мен терең талдаулары көрермендер мен қазылар алқасын тәнті етті. Турнирдің нәтижесі бойынша үздік деп танылған командалар мен жекелеген қатысушылар анықталып, жеңімпаздарға “Amanat” партиясының атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Бұл турнир жастардың ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың қоғамдық мәселелерге белсенді араласуына ықпал етті. Жастар арасындағы мұндай іс-шаралар ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтарды тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.

Пікір жазу