Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ПОЛИЦИЯ 300-ГЕ ТАРТА ТҰРҒЫННЫҢ ЖОЛ САЛАСЫНА, АВТОКӨЛІК БАСҚАРУҒА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ

ПОЛИЦИЯ 300-ГЕ ТАРТА ТҰРҒЫННЫҢ ЖОЛ САЛАСЫНА, АВТОКӨЛІК БАСҚАРУҒА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ

⚜️Түркістан облысының полиция басқарма, бөлімдері жанынан ашылған «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде», «Жолда қабылдау» акциясы өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2 күндік жұмыс нәтижесінде полиция 350-ге жуық тұрғынды қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Оның ішінде автокөлікті тіркеу мәселесімен 35, жүргізуші куәлігін алу 91, жол жүрісін ұйымдастыру 75, автокөлікті қайта жабдықтау 15, айыппұлдарға қатысты 65, көші-қон қызметі 12, ІІО қатысты емес басқа мәселелер бойынша 7 сұраққа құқықтық кеңес берілді.
❕Акцияның басты мақсаты –тұрғындардың ұсыныс-пікіріне назар аудару, азаматтардың құқықтық сауатын, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру.
‍♂️Осы ретте тәртіп сақшылары акцияның ай сайын өткізілетінін хабарлап, полиция кері байланысқа әрқашан дайын екенін жеткізеді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу