Аудан әкімі Арман Карсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, Шардара Шаруашылық Қызметінің қызметшілері мен еріктілер күнделікті тазалық жұмыстарын атқаруда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шардара Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өскін шөптерді шабу, ағаштар мер гүлдерді суғару, көшелер мен аяқжолдарды тазарту, абаттандырылған аумақтардағы сынған заттарды қалпына келтіру және саябақтарды реттеу секілді жұмыстар толассыз жүргізілуде.
Бұл ең алдымен аудан тұрғындарының таза,қолайлы ортада өмір сүруіне жағдай жасап, қоғамды жаппай тазалыққа үгіттеу болып табылады.
© Didarbek.kz