Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкентте бұқаралық спортпен айналысатын азаматтар саны артқан

Шымкентте бұқаралық спортпен айналысатын азаматтар саны артқан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түр­лерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфра­құры­лымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқа­ралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мық­ты ұлтты қалыптастырамыз» деген болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шаһарда бұқаралық спортқа қолайлы жағдай жасалып келеді.

Қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, спорт саласында негізгі 4 бағыт белгіленген. Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың санын 2022 жылы 35,9 пайызға (396 336 адам) жеткізу жоспарланған. 2023 жылы бұл көрсеткіш 36,2 пайызға (402 544 адам) орындалды.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының қарамағында 33 спорттық ұйым жұмыс жасайды. Ал, 2022 жылғы жағда бойынша қалада 34 спорттық мекемеде (29 мемлекеттік меншіктегі және 5 мемлекеттік жекешелік-әріптестігі) оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілген.

Жаттықтырушылар мен спортшылардың бірлесе жұмыс жасауының нәтижесінде, шымкенттік спортшылар үнемі оң нәтижелерге қол жеткізуде.

2022 жылдың 9 айында қала спортшылары ҚР чемпионаттарында 416 алтын, 372 күміс, 398 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионаттарында 39 алтын, Әлем чемпионаттарында 28 алтын медальға ие болды. Дүниежүзілік гимназияда ойындарында 5 алтын, 3 күміс, 2 қола, ХХIV Сурдлимпиада ойындарында 1 күміс медальға қол жеткізген болатын.

2023 жылдың жарты жылының қорытындысы бойынша қала спортшылары ҚР чемпионаттарынан 445 алтын, 362 күміс, 415 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионаттарында 61 алтын, 45 күміс, 35 қола, әлем чемпионаттарында 6 алтын, 5 күміс, 7 қола жүлдеге ие болды.

Ал,  қала спортшылары биылғы жылы әртүрлі спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып 502 алтын, 406 күміс, 522 қола медаль жеңіп алды. Жалпы 1450 медальды қоржынға салған. Атап айтар болсақ, Азия чемпионаттарында, 55 алтын, 34 күміс және 31 қола. Әлем чемпионаттарында, 9 алтын, 9 күміс,2 қола медальға ие болды. Әлем кубоктарында, 13 алтын, 11 күміс, 11 қола медаль жеңіп алды.

 

 

Пікір жазу