Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түлкібас: аудан әкімі тұрғындармен кезекті қабылдауын өткізді

Түлкібас: аудан әкімі тұрғындармен кезекті қабылдауын өткізді

Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов аудан тұрғындарына кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Бұл жолы жеке өтініштерімен жүгінген тұрғындардың дені жер қатынастары мәселесі яғни, жер құжаттарын заңдастыру, ауыз су сапасын жақсарту, тұрғын-үй, инватакси, әлеуметтік сала және Полиция қызметіне қатысты мәселесімен жүгініп, аудан әкімі және жауапты мекеме басшылығы тарапынан нақты жауаптарын алды.
Нұржан Жақсылықұлы Шақпақ ауылдық округіне қарасты 44 түтіні бар РЗД-144 елді мекенінің тұрғындарының өтінішіне сәйкес ауыз су сапасын жақсарту мақсатында жауапты «Тұраркент-су» мекемесінің басшысына тиісті жұмыстар атқару керектігін ескертіп, ауылдың ауыз су мәселесін түбегейлі шешу мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында аталған ауылдан қазылған ұнғыма арқылы ауылға құбыр тарту мәселесі келесі жылдың есебінен жоспарланатындығын жеткізді.

Пікір жазу