Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды

Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Республика бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында Қазығұрт АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен абаттандыру қағидалары мен ортақ пайдалану орындарын ластаудың жыл басынан жалпы 378 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
Іс-шараға аудандық полиция бөлімінен барлығы 40 қызметкер жұмылдырылған.
​Акция барысында жалпы 531 құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделді.
Атап айтқанда:
— ӘҚБтК-нің 196-бабы (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) бойынша жыл басынан 6 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
— ӘҚБтК-нің 434-2-бабымен (ортақ пайдаланатын орындарды ластау оның ішінде белгіленбеген орындарға комуналдық қалдықтарды тастау) бойынша – 233 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
— ӘҚБтК-нің 505-бабымен (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіру) бойынша 145 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған.
— ӘҚБтК-нің 204-бабымен (Белгіленбеген орындарда сауда жасау) бойынша 56 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған.
— ӘҚБтК-нің 630 бабы (Жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа жол құрлыстарын бүлдіру) бойынша 91 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
— ӘҚБтК-нің 441-бабымен (Тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын пайдалану) бойынша 9 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. (Қазығұрт УПП-мен)
Бейнекамерамен анықталған құқық бұзушылықтар саны – 9.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жылдың соңына дейін жалғасын табады және бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті қатаң бақылауда. Осыған байланысты абаттандыру қағидалары мен ортақ пайдалану орындарын ластау деректерін анықтаумен қатар, халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жауапкершілікті арттыру мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге материалдарды кеңінен жариялауда жұмыстар атқарылып жатыр.

Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны, және инфрақұрылым объектілерін қиратқаны, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін қиратқаны және бүлдіргені үшін әкімшілік іс жүргізу.

Біліп жүріңіз:
505-бап.
Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, және инфрақұрылым объектілерін бұзу, қалалар мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау:

— Жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғады
Жеке және заңды тұлғалар тартылатын бұзушылықтар

  1. іргелес аумақтардың ластануы;
  2. үй маңындағы аумақта, оның ішінде 5 метр шекарада шөпті уақтылы шабу;
  3. сыртқы жарықтандыру құрылғыларының жұмысындағы бұзушылық;;
  4. контейнерлер мен оларға іргелес аумақтарды тиісінше ұстамау;
  5. іргелес аумақта құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды контейнерлерге жинау;
  6. сауда объектілеріне кіре берісте урнаның болмауы;
  7. қасбеттерде орналасқан ақпараттық тақталар мен ескерткіш тақталардың ластануы;
  8. қоршауларды дұрыс ұстамау;
  9. қоқысты, оның ішінде көңді уақтылы шығармау;
  10. қоғамдық пайдалану орындарында не базарларда, сауда орталықтарында, саябақтарда, скверлерде, супермаркеттерде стационарлық не биотуалеттердің тиісінше жай-күйінде қол жеткізілуін және жұмыс істеуін қамтамасыз етпеу;

Пікір жазу