Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: СЕССИЯДА БІРҚАТАР ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

САЙРАМ: СЕССИЯДА БІРҚАТАР ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сегізінші шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Жиынға Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшылары қатысты. Сессия жұмысын аудандық мәслихаттың төрағасы Шамхат Халмурадов жүргізіп отырды.
Кезекті сессияның күн тәртібінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру белгілеу, Сайрам аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы №58-361/VI «Пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімінің күші жойылды деп тану, Сайрам аудандық мәслихатының кейбір шешімдерін жойылды деп тану, Сегізінші шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру, Сегізінші шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау, Сегізінші шақырылымдағы Сайрам аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамын сайлау туралы мәселелер талқыланды.
Жиын барысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекеева, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Амангелді Жунисбеков және аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Шолпан Тлеуова аталған тақырып аясында баяндама жасап, қатысушылардың қойған сауалдарына тиісті жауаптар берді.
Сессия соңында күн тәртібіне енгізілген мәселелердің барлығы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында алдын-ала талқыланып, сессия қарауына жіберу туралы бірауыздан шешім қабылданды.

Пікір жазу