Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: АҚСУКЕНТТЕГІ АРЕНДАЛЫҚ ЖӘНЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

САЙРАМ: АҚСУКЕНТТЕГІ АРЕНДАЛЫҚ ЖӘНЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов жауапты тұлғалармен бірге Ақсукент ауылы, Әйтеке би тұрғын үй алабында орналасқан арендалық 80 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен арнайы танысып қайтты.
Аталған нысанның жобасын «Тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2024 жылы жеке инвестор А.Абдусаламов жүзеге асырған болатын. Бүгінде жалпы 2 қабатты 3 дана арендалық 80 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жеке инвестордың өзі ұсынған эскиздік жобаға сәйкес басталған. Қазіргі таңда «W-build» ЖШС мердігер мекеме тарапынан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аралау барысында аудан әкімі мердігер мекеме өкіліне жұмыстың сапалы орындалуын, аталған мерзімнен кешіктірмеуін, кемшіліктер орын алса, қайта қалыпқа келтірулерін тапсырды.
Бұдан бөлек, Ақсукент ауыл округінің әкімі Мади Нұрлыбаевпен және тиісті сала басшыларымен бірге Залиния ауылындағы көпқабатты үйлердің жай-күйін бақылады. Аулаларды абаттандыру, ойын алаңшаларын ретке келтіру, автотұрақ салу және келесі жылы коммуналдық нысандарды жаңарту жайлы жоспарларымен бөлісті.
Сондай-ақ, «Сұраншы батыр» скверінің эскиздік жобасын жаңартуды жүзеге асыру бойынша тапсырма берді.

Пікір жазу