Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІСТЕ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІСТЕ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Жиынға тиісті сала және дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде аудан бюджеті және азаматтардың күзгі әскерге шақырылуы туралы мәселелер көтерілді.
Жиын барысында Сайрам аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру бөлімінің басшысы Досыбек Турегелдиев 2024 жылғы азаматтардың күзгі әскерге шақырылу науқанында атқарылатын жұмыстарының барысы туралы баяндама жасады. Бұдан бөлек, 2024 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке шақыруға алдын ала берілген тапсырысты бөлу жоспарларымен бөлісті.
Келесі кезекте аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекеева 2024 жылдың 8 айдағы аудан бюджетінің орындалуы және 9 ай қорытындысымен болжамды орындалу барысын баяндады. Атап айтқанда, аудан бюджетінің кірістер және бөлігінің және 2024 жылдың 8 айдағы орындалған сандық көрсеткіштеріне талдау жасады.
Баяндамаларды байыппен тыңдаған аудан басшысы Баяндалғанның негізінде, дербес бөлім басшылары мен ауылдық окург әкімдеріне заң талаптарына сәйкес салалық басқармалармен жұмыс жүргізіп, «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында іске асырылып жатқан жобалар бойынша қаржылардың мерзімінде игерілуін және жұмыстардың сапалы атқарылуын қамтамасыз етуді, ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысымен қаралған барлық қаражатты, оның ішінде, республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді уақытылы, әрі тиімді игерілуін қамтамасыз етіп, жоспарланған түпкі нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмысты жандандыруды жүктеді.
Бұдан бөлек, мерзімді әскери қызмет түрі бойынша командаларды сапалы іріктеу және жасақтау, шақырту жұмыстарын тереңдетілген түрде зерделеуді тапсырды.

Пікір жазу