Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЖҮКТЕЛГЕН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУІН ТАПСЫРДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЖҮКТЕЛГЕН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУІН ТАПСЫРДЫ

Кезекті аппараттық мәжіліс Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен тағы да жалғасын тапты. Күн тәртібінде екі мәселе талқыланды.
Алдымен аудан әкімінің орынбаасары Убайдуллаев Шухратулла Аззатуллаұлы Отбасының цифрлық картасында Д және Е санатындағы отбасылардың деректерін өзектендіру мәселесі туралы бойынша баяндады. Бұл деңгейлердегі отбасыларға және ОЦК ақпараттық жүйенің мәліметтерін өзектендіру бойынша облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тажібаевпен алгоритм бекітіліп, бүгінде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, «Отбасының цифрлық картасында» Д және Е санаттағы отбасыларының санын төмендету» бойынша аудандар мен қалаларға әдістемелік, практикалық көмек көрсету үшін құрылған облыстық мобильді топ мүшелері жуырда Сайрам Ауданы Мансап Орталығының ғимаратында ауылдық округтердегі медицина, білім және ветеринария бөлімінің мамандарының қатысуымен семинар өткізілді.
Келесі кезекте аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Бахадир Олжаев «Ауыл Аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған Ұлттық жобасы аясында 2023 жылда атқарылған жұмыстар және 2024 жылға жоспары туралы баяндама жасады. Аталған бағдарлама аясында Манкент, Қарамұрт, Қарасу, Арыс ауылдық округтерінде тұрғындардың мал, құс және балық шаруашылықтарын дамыту бойынша қаржыландырылу барысына тоқталды.
Жиын соңында аудан басшысы Арман Сәбитұлы ауыл әкімдеріне Отбасының цифрлық картасында Д және Е санатындағы отбасыларды тізімдегі мекенжайы бойынша аралау жұмыстарын тез арада аяқтауды, Орталық ауруханалар, білім бөлімі, ветеринария қызметі, көші-қон қызметі ұсынылған тізімдер бойынша азаматтарды өзектендіруді тапсырды.
Сондай-ақ, «Ауыл Аманаты» бағдарламасына ұсынылған нысандарға жүйелі зерделеу жұмыстарын жүргізуді жүктеді.

Пікір жазу