Бүгінгі Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылды.
Сонымен бірге мемлекеттің алдағы атқарар жұмыстардың тоғыз бағытын көрсетіп, нақты тапсырмалар да берді.
Нақтырақ айтар болсақ, Жолдауда елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту, ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту, өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу, еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту, экологиялық ахуалды жақсарту, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру сияқты елімізге маңызды бастамалар төңірегінде сөз болып, оларды жүзеге асыру жолдары мен міндеттері айқындалды.
«Біз – берекелі бірліктің арқасында түрлі сынақтан сүрінбей өткен халықпыз. Алдағы уақытта да солай болмақ. Бәріміз бір ел болып, әділетті және дамыған Қазақстанды бірге құрайық. Сонда әркім өз елінің кірпіші болып қаланып, арман-мұратына жете алады. Әр адамға және баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті, яғни Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет. Мен Мемлекет басшысы ретінде осы міндетті орындауға бар күш-жігерімді саламын. Сіздер де ортақ мақсатқа жету үшін табанды еңбек етесіздер деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда.
Әрине, біз мемлекет басшысының жанына топтасып, еліміздің өркендеуі жолындағы қолға алынған реформаларды жүзеге асыруға күш салуымыз керек. Алдымызға қойған биік мақсатқа жету оңай болмайды. Бірақ бүкіл ел болып кіріссек, бұл – қолдан келетін шаруа. Халық, бизнес және билік өкілдері бар күш-жігерін жұмылдыруы керек. Сонда ғана мемлекетіміздің қазіргі даму үлгісін түбегейлі өзгерте аламыз, кедергінің бәрін жеңеміз!