Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖОЛДАУ- АЛДАҒЫ ЖОСПАРДЫ ПЫСЫҚТАП, НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРДЫ АЙҚЫНДАУ

ЖОЛДАУ- АЛДАҒЫ ЖОСПАРДЫ ПЫСЫҚТАП, НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРДЫ АЙҚЫНДАУ

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдауда көрсетілген бағыттар мен ұсыныстар, міндеттер еліміздің экономикасының дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз.
Онда көтерілген ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою, Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу, еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау, Инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу, еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру, ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту,экологиялық ахуалды жақсарту, қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеу,мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру сияқты бағыттар еліміздің алдындағы негізгі және маңызды бағыттар деп білеміз.
Жолдау — бұл саяси құжат, сондықтан онда айтылған тапсырмалар мен міндеттер міндетті түрде іске асырылу керек.
Сондай-ақ, жаһандану заманында Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтетіндігі де Жолдауда айтылды. Осыған орай алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ.
Сондықтан, Президент сөзімен айтқанда «Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз». Жолдау жолданды, қолдау халықтан.
« Мұның бәрі, ең алдымен, халықтың қалауымен жасалуда. Сондықтан біз алған бетімізден қайтпаймыз, бағытымыздан таймаймыз. Бүгін біз алға қойған жоспарымызды пысықтап, мақсаттарымызды айқындаймыз»- деген Президент сөзі де халыққа арналған.

Пікір жазу