Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН ТРАНЗИТТІК РЕЙСТЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

ШЫМКЕНТ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН ТРАНЗИТТІК РЕЙСТЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Қазіргі таңда қала әкімдігі Шымкентті Орталық Азиядағы көлік-логистикалық хаб ретінде дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар жүк тасымалдаушыларды тарту бойынша да жетістіктер бар.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің Еуразиядағы транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтіп, болашақта толыққанды көлік-логистикалық державаға айналдыру қажеттігін атап өткен болатын. Сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларының әуежайлары мультимодальды орталықтарға айналып, жүктерді жинау және тарату бойынша бәсекеге қабілетті әрі сапалы қызмет көрсетуге тиіс дегенді айтты.
Осыған орай Шымкентте көлік-логистикалық хаб ретінде дамыту бағытындағы жұмыстар бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізілуде. Атап айтқанда, Шымкент арқылы өтетін транзиттік рейстер саны артып келеді. Бүгінде “FTL Airlines”, “Alpha Sky”, “Fly Khiva” және “My Freighter” сияқты жүк әуе компаниялары тұрақты рейс бойынша жұмысын бастады. Жақын арада жүк тасымалдайтын әуе компанияларының рейстерін жиілету жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, сауда-логистикалық орталық аумағын 136 гектарға дейін кеңейту жұмысы жүргізіліп жатыр. Орталық әуежай мен “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” автожолына жақын орналасқан және Орталық Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға зор үлес қосып келеді.
Орталық қоймалары теміржол вагондарын, платформаларды, контейнерлерді және әртүрлі жүк көліктерін қабылдап, өнімді ішкі және сыртқы нарыққа сақтап, тасымалдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта мұнда жалпы құны 25 миллиард теңгеден асатын 4 жоба іске асырылып, 287 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, құны 59 миллиард теңгені құрайтын 29 инвестициялық жобаға арналған алаң дайындалып жатыр.

Пікір жазу