Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы бойынша Халықтық штаб мүшелерінің қатысуымен «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті.
Жиынды кеңес төрайымы, Шымкент қаласы бойынша Халықтық штабтың мүшесі Баян Жандосова жүргізді. Қалалық филиал Атқарушы хатшысының орынбасары, штаб жетекшісінің орынбасары Ербол Байқонысов, кеңес мүшелері, партия қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Халықтық штаб мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттады.
Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының 2024 жылға бекітілген тармақтарының іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасының 8 айында орындалуы туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Утебаеваның есебі тыңдалды.
Партиялық бағдарламада халықты жұмыспен қамту және ерекше жандарға қолайлы орта қалыптастыру жөнінде14 іс-шара жоспары қолға алынған. Оның ішінде 9-ы жұмыспен қамту, 5 іс-шара ерекше қажеттілігі бар адамдарға жағдай жасау. Жол картасында биылғы жоспар бойынша 17 мың адам жұмысқа орналасу тиіс болса, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 19 091 адам қатысып, жоспар 112,3 пайызға орындалды. Осылайша 2 252 адам кәсіби оқытуға, 3 608 адам кәсіпкерлікті дамытуға, 5 798 адам субсидияланатын жұмыс орындарына, 7433 адам бос жұмыс орындарына жұмысқа жолданды. 5 жылда қалада 45 мың тұрақты жаңа жұмыс орны ашу жоспары бекітілсе, 2024 жылдың еншісінде 9 мың адам жаңа жұмыс орындарына орналасуы тиіс.
Бүгінге дейін жоспар артығымен орындалып, 12 283 жұмыс орны ашылған. Биыл 3 154 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 2 452-і куәлік алды. 428 адамға 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант берілді. «Жастар практикасы» бойынша 1 464 жас маман жұмысқа жолданып, 1 143 жас «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасына қатысып жатыр.
Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы аумағынан қосымша 50 орындық ғимараттың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. «Кедергісіз келешек» жол картасының негізінде қала бойынша биыл 245 нысанды бейімдеудің іс-шара жоспары жасалды. Бүгінгі күнге 132 әлеуметтік нысан бейімдеуден өтіп inva.gov порталына енгізілді. Қазір қалада 4-ші «Белсенді ұзақ өмір» орталығын ашу үшін Нұрсәт тұрғын алабы №107 мекен жайда қажетті құрылғылар үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, Нұрсәт тұрғын алабы №105 үйде «Бақытты жанұя» орталығының екінші бөлімі ашылады. Бүгінгі таңда, ғимаратқа қажетті материалдық техникалық құралдарды сатып алу мен ғимараттың коммуналдық жүйелеріне қосу жұмыстары заң талабына сай атқарылуда.

Пікір жазу