Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР» ОРТЫЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР» ОРТЫЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Шымкент қаласында бүгінде 93 761 зейнеткер бар. Оның ішінде ҰОС ардагері – 2, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгені – 2 106, тыл еңбеккері — 1 729. Мереке мен атаулы күндерге арналған бір реттік және ай сайынғы көмек қаржысы 17 528 адамға өз тәртібімен төленіп жатыр.
Биыл шаһардағы 7000 ардагер мен зейнеткерді санаторлық-курорттық емделуіне жолдама беру қарастырылған. Мемлекеттік сатып алу тәсілімен 5 мың, ал «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешеніне 2 мың зейнеткер қамтылады.
Өткен жылы қаламыздағы ардагерлер шипажайда емделу мерзіміне қатысты ұсыныс айтып, осылайша биылдан бастап, санаторлық-курорттық жолдамалар күні 6-дан 10 күнге ұлғайтылды. Одан бөлек, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Ізетті зейнеткер» сауықтыру і кешені құрылып, сыйымдылығы бір онкүндікте 70 адамды қамтиды. Орталық жылына зейнет жасындағы 2000 адамға қызмет көрсете алады. Жыл басынан бері 1 308 зейнеткер сауықтыру кешенінен қызмет алды. Демалушыларға 5 мезгіл ыстық тағамдар ұсынылып, сапалы тамақтануы мамандар тарапынан қадағаланады.
Ардагерлерді салауатты өмір салтына бағыттайтын «Белсенді Ұзақ өмір» орталығының 3 бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Орталық күніне екі ауысыммен 560 зейнеткерге қызмет көрсетеді. Жуырда тағы бір орталықтың ашылуы жоспарланып отыр.
Басқарманың №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы I,II топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға стационарлық жағдайда қызметтер көрсетеді. Орталықтың сыйымдылығы – 70 төсек орын, қазір мекемде 61 қарт қызмет алып жатыр.
Ал, «№7 орталық үй жағджайында әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Мекеменің 73 әлеуметтік қызметкері 560 жалғызілікті егде жастағы қарттарға аптасына екі рет үйіне барып қызмет көрсетеді.

Пікір жазу