Шымкент қаласында жыл басынан бері 283 отбасыдағы 542 адам «қандас» мәртебесін алып, 34 отбасыдағы 44 адам мәртебесін жарты жылға ұзартты.
Қандастардың 259-ы ер, 283-і әйел, 18 жасқа дейінгі жастар саны – 168, зейнет жасында – 63 адам. Оның ішіде еңбекке қабілеттісі – 311. Білім деңгейі бойынша 61 адамның жоғары білімі юолса, 145 қандаста арнайы орта білім, 97 адамда жалпы орта білім және 8 адамның білім жоқ.
Атажұртқа қоныс аударғандардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасының еншісінде. Көрші елден 441 адам, Қырғызстаннан – 1, Ресейден – 6 адам және Түркіменстаннан – 2 адам келген.
Бүгінде қоныс аударған қандастардың көбісі құрылыс пен сауда-саттықпен және басқада жалдамалы жұмыстармен айналысып жатыр.
Шымкент қаласында қандастарды қоғамға бейімдейтін арнайы орталықта 18 отбасынан 46 адам қызмет алып жатыр. Ал, Еңбек мобильділігі орталығының қызметіне 96 адам жүгініп, 48 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан.
Атап айтқанда 14 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданса, 3 жас маман «Жастар практикасы» бағдарламасына, 3 адам «Қоғамдық жұмысқа», 9 қандас «Алғашқы жұмыс орындары» бағдарламасына және 1 адамға «Күміс жас» жобасына жолдама берілді. Сонымен қатар, 18 қандастың «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту курстарында білімін жетілдірді.
Сонымен бірге, Шымкент қаласында 8 айдың қорытындысымен 8 227 отбасыдағы 42 866 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (11 812 отбасыдағы 59 994 адам) 30,4 пайызға төмендегенін көрсетеді.
Атаулы әлеуметтік көмек екі бағытта — табысы аз отбасыларға ақшалай төлем жүргізу және жұмыспен қамту шараларына тартуға жолдама беруді жүзеге асырады.
Сонымен қатар, 1-6 жас аралығында атаулы әлеуметтік көмек тағағайындау кезінде әр балаға ай сайын 1,5 АЕК (5 538 теңге) қосымша төлем қаралған. Шымкент қаласында 8 айдың қорытындысымен 7 302 отбасыдағы 14 329 балаға дәл осындай төлем жасалды.
Қаламыздағы АӘК-ке өтініш білдірген отбасылардың 12 092 азаматы жұмысқа жарамды екені анықталған. Оның ішінде 7 281 азаматтың жұмысы бар. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде 330 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты.
Оның ішінде 211 адам тұрақты жұмысқа, 43 адам қоғамдық жұмыс орындарына, 12-сі «Жастар практикасы» бағдарламасына, 17 адам «Әлеуметтік жұмыс» орындарына және 47 адамның кәсіпкерлік жобаларына қолдау көрсетілді.