Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістан қаласының әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өті

Түркістан қаласының әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өті

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтіп, денсаулық саласында көрсеткіштердің орындалуы, қала аумағындағы трансформаторларға қатысты туындаған мәселелер мен оларды шешу жолдары, электр жүйелердің инвест жобаларының атқарылуы, ретсіз сауда жарнамаларын ретке келтіру бойынша атқарылған жұмыстар сараланды.
Мәжіліс басында қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев «Таза Қазақстан» республикалық акциясының барысы, сенбіліктер мен оны ұйымдастыруда мекемелер және сектор белсенділігінің есебін ұсынды.
Қалалық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Мұратов өз кезегінде сәуір айының 22 мен 28 күндері қалада 2008 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелгенін, белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастаған 205 құқық бұзушылық дерегімен Әкімшілік кодекстің 434-2 бабымен хаттама толтырылғанын, абаттандыру қағидаларын бұзған 55 тұлға Әкімшілік кодекстің 505 бабымен жауапкершілікке тартылғанын баяндады.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша, қалалық орталық емхананың бас дәрігері Райымбек Тасырбаев сөз алып, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бас дәрігердің мәлімдеуінше, биыл облыс орталығында туу көрсеткіші артып, 2024-жылдың үш айында 1618 нәресте дүниеге келген. Ана өлімі тіркелмеген, бала өлімі екі есеге азайған. Бекітілген жоспар бойынша 1 жасқа дейінгі балалар проактивті бақылаумен және скринингпен толыққанды қамтылды. Түркістан қалалық емханасында 1 жасқа дейінгі 2113 бала тіркелген.
Салауатты өмір салтын ұстану бойынша үш айды 20 семинар өтіп, 1340 адам қатысқан. Дәрігерлердің өткізген 31 лекциясына 1199 адам қатысқан, 635 адамға жеке түсіндіру шаралары жүзеге асқан. Қан айналымы жүйесі ауруларынан және қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендету үшін ауруды ерте анықтау бойынша тұрғындар арасында жоспарлы тексерулер тұрақты өтуде.
«Оңтүстік-ЖарықТранзит» ЖШС техникалық директоры Архабай Тастанов жүктемесі көп және апатты өшулер орын алатын электр желілерге талдау жасап, жоспарланған жөндеу жұмыстарына тоқталды. Мекеме тарапынан 2024-2027ж бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес, биыл 13 дана трансформатор, 42,501 шқ. электр желісін жүргізуді көзделген. Облыс орталығында қазіргі таңда жалпы 13 қосалқы станция, 1391 трансформатор, 1 406,558 шқ. электр желісі бар.
Сонымен қатар, жиналыс барысында облыс және қала әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы, жеке қабылдау барысында берілген тапсырмалардың жүзеге асуы, облыстық «109», қалалық «1310» жедел әрекет ету орталықтарына түскен өтініштердің атқарылуы сараланып, көрсеткіштер талданды.

Пікір жазу