Тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алуын, заңды құқықтарын түсіндіру мақсатында Халықтық кеңседе кезекті «Қызмет алушылар күні» өтті.
Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Іс-шараға облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары қатысты.
Жиында қызмет алушы тұрғындарға медициналық көмек, емханаға тіркелу т.б салалар бойынша қызмет көрсетушілер тарапынан кеңес берілді.