Облыс орталығында субұрқақтар маусымы ашылды.
Бүгінде 80 субұрқақ шаһардағы Гүлдер саябағы, Рәміздер алаңы, Түркі бағы мен желелік саябақта, сондай-ақ, Әкімшілік- іскерлік орталық, мәдени-рухани орталық, аумақтарында таңғы 10:00-ден кешкі 00:00-ге дейін жұмыс жасауда.
Айта кетейік, субұрқақтар аптасына екі рет тазаланып, тексерістен өткізіледі.