Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістан қаласында жолдар табиғи тапталу кезеңінен өтуде

Түркістан қаласында жолдар табиғи тапталу кезеңінен өтуде

Түркістандағы кәріз жүйесінің құрылысы аяқталған көшелерде жолдар табиғи тапталу кезеңінен өтуде.
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жұмысшы топқа жауын-шашыннан кейін барлық көшенің жағдайын аралап тексеруді тапсырды.
Топырағы отырған аумақтарда жолды тегістеп, қайта тас төсеуді жауапты мекемелер жүзеге асыруда.
Кәріз жүйесінің құрылысы өткен соң жолдардың негізі қатайып, топырақ тапталуына 1 жыл мерзім белгіленген. Асфальт содан кейін ғана төселеді.
Мерзім асфальт төселгеннен кейін жолдың айнымауы үшін беріледі.
Қазіргі тәжірбие бұл шешімнің дұрыстығын көрсетіп келеді.

Пікір жазу