Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҮШ МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҮЛЕК ҰЯСЫНАН ҰШТЫ

ҮШ МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҮЛЕК ҰЯСЫНАН ҰШТЫ

Бүгін облыс орталығында 39 білім ұясында соңғы қоңырау соғылып, үш мыңға жуық оқушы алтын ұя — мектебімен қоштасты.
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жас түлектердің қуанышына ортақтасып, сәт сапар тіледі:
— «Ұрпағы білімді елдің болашағы зор» деген дана халқымыз. Біздің мемлекетімізде терең білім алуға, білікті маман атануға, өз кәсібіңнің үздігі болуға жағдай жасалған. Мемлекет болашағын құруда, стратегиялық қадамдарды жүзеге асыруда сіздердің білімдеріңіз бен табысты еңбектеріңіздің үлесі болатынын әр кез естеріңізде сақтаңыздар. Бүгінгі түлек – ертеңгі маман. Ер сенімін, ел үмітін сақтаймын деген талаптарыңызға нұр жауып, қадамдарыңыз тек сәттілікке ұлассын. Мектеп қабырғасынан қанат қаққан қуаныштарыңыз құтты болсын! — деді шаһар басшысы өз сөзінде.
Бітірушілер арасында “Алтын белгіге” үміткер оқушылар — 178, «Үздік» аттестатқа үміткер 171 оқушы бар.
Жалпы, биылғы оқу жылы киелі қаламыздың білім саласында бірқатар жетістіктермен ерекшеленді. Облыстық олимпиадаға қатысқан 145 оқушының 99-ы жүлдегер атанды. Республикалық олимпиадада 10 оқушының 7-уі жеңімпаздар қатарынан табылды.

Пікір жазу