Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АШЫҚ АЛАҢДА АШЫҚ ӘҢГІМЕ

АШЫҚ АЛАҢДА АШЫҚ ӘҢГІМЕ

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков “Яссы” секторындағы О.Тілепов көшесінің тұрғындарымен кездесіп, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
— Мақсатым — атқарылған жұмыстар бойынша пікірлеріңізді тыңдау, кемшіліктер болса — өздеріңізден есіту. Біз таяу уақытта келесі жылдың жоспарын нақтылаймыз. Мәселелердің барлығын саралап, өзектілігіне сәйкес кезектілігін бекітуіміз керек. Айтылған барлық өтініштеріңіз назардан тыс қалмайды, тек қаржылық мүмкіндіктерге қарай мерзімі ұзауы ықтимал, — деді қала басшысы өз сөзінде.
Тұрғындар шаһар басшысына мұның алдында көтерілген түйткілдердің түйіні тарқатылып келетінін айтып, алғыстарын жеткізді. Бүгінгі кездесуде көтерілген мәселелер — ескірген бағаналарды алу, бос жатқан алаңқайға балалар алаңшасын салу, жолдарға асфальт төсеу және жол белгілерін орнату жайы айтылды. Тұйық көшелерге жарықшам орнату қажеттілігі де қозғалды.

Пікір жазу