Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНДА ХІХ ҒАСЫР КӨЛІГІ БАР

ТҮРКІСТАН: «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНДА ХІХ ҒАСЫР КӨЛІГІ БАР

ХІХ ғасырдың көлігі «Пәуескені» енді «Ұлы Дала Елі» Орталығында тамашалай аласыздар. Бұл жәдігерді 2011 жылы Түркістан қаласынан ашылған Тарихи-мәдени этнографиялық орталық қорына Кентау қаласының тұрғыны Жанұзақұлы Сағымбай сыйға берген болатын.
Пәуеске (Тарантас) – ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қолданыста болған көлік түрі.
Пәуеске – жабық төрт доңғалақты ат арба. Ол әдетте ұзақ сапарларда қолданылды, арнайы бойлық бекітпелер арқылы жолдағы қозғалыс кезінде сілкіністерді азайқан. Пәуескеде бір мезгілде үш-төрт жолаушыны тасымалдай алады.
Пәуескеге екі атты бойлық жолақтар арқылы бекіткен, орындықтың алдыңғы және артқы орындықтары, сонымен бірге корпустары былғарыдан жасалған. Арбаны қолданысына қарай ат арба, өгіз арба, түйе арба деп жіктеген. Олардың әр қайсысының көлемі мен пошымы әртүрлі болып келеді.
Күйме – іші киізбен қапталған жабық ағаш қорапты, адам тасымалдауға арналған арбаның ерекше түрі. Күйме түрі туралы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мен «Қыз Жібек» жырларында сипатталады. Үсті тері, мата ағашпен жабылатын есікті арба саналатын күймелерді хандар, сұлтандар, ірі ауқатты байлар сияқты дала аристократтары қолданған.

Пікір жазу