Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістан қаласында қоғамдық талқылау өтті

Түркістан қаласында қоғамдық талқылау өтті

Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында 07.06.2024 жылы Түркістан қаласының «Шавгар», «Яссы», «Бекзат» тұрғын алқаптары және Б.Саттарханов даңғылы бойындағы аумақ үшін әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасына қоғамдық талқылау өткізілді.
Қазіргі уақытта жобаланып жатқан ауданда жеке тұрғын үйлер, ғылыми-білім беру кластері — Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, коммерциялық нысандар, қызмет көрсету нысандары және ботаникалық бақтар салынған.
Қарастырылып отырған аумақта Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғимараты, мешіт, 700 оқушыға арналған С. Рахимов жалпы орта мектебі, Ай көркем Салтанат сарайы, Мемлекеттік басқару академиясы, «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» әкімшілік ғимараты, Халық банкі, Хан Шахар Салтанат сарайы, мейрамхана, 90 орынға арналған «Индира» балабақшасы және басқа объектілер орналасқан.
Инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектілерінен жобаланатын аумақ бойынша қаланың қолданыстағы негізгі көлік артериялары өтеді: Б. Саттарханов даңғылы, Шәуілдір трассасы, Жібек жолы көшесі, Батыс Еуропа-Батыс Қытай трассасы және басқа да магистральдық және жергілікті көшелер.
Шавгар тұрғын ауданының №9 ЕТЖЖ жобаланатын аумағы I орталық және IV оңтүстік жоспарлау ауданында орналасқан.
Жобаны әзірлеу шекаралары мына көшелермен шектелген аумақ болып қабылданды:
— солтүстіктен — Тәуке хан даңғылы, Төреқұлов көшесі және Тұңғыш Президент саябағы;
— батыстан — Мәскеу-Алматы темір жолы;
— оңтүстіктен — Сүйінші Батыр көшесі;
— шығыстан — Сапарбай Боллс көшесі;
— солтүстік-шығыстан — М. Абенов көшесі.
Жобаланған ауданның ауданы 1715 га құрайды.
Жобаланған аумақ солтүстіктен қаланың мәдени-рухани орталығымен шектеседі, сондай-ақ қаланың негізгі көлік артерияларының бірі — Тәуке хан даңғылы өтеді.
Бекзат тұрғын ауданының №10 ЕТЖЖ жобаланатын аумағы VI оңтүстік-батыс жоспарлау ауданында орналасқан.
Жобаны әзірлеу шекаралары шектелген аумақ болып қабылданды:
– солтүстігі мен солтүстік-шығысынан — Мәскеу-Алматы темір жолы;
– солтүстік-батыстан — Жандосов көшесі;
– батыстан қала шекараларына жалғасады;
– оңтүстік және оңтүстік-шығыстан Байқоңыр көшесімен шектеледі.
Жобаланған ауданның ауданы 957 га құрайды.
Жобаланған аумақ солтүстіктен қаланың мәдени-рухани орталығымен шектеседі, сондай-ақ қаланың негізгі көлік артерияларының бірі — Тәуке хан даңғылы өтеді.
Батысында зират орналасқан.
Яссы тұрғын алабының №13 ЕТЖЖ жобаланатын аумағы I Орталық және V Солтүстік жоспарлау ауданында орналасқан.
Жобаны әзірлеу шекаралары мыналармен шектелген аумақ болып қабылданды:
— батыстан солтүстікке қарай Түркістан-Кентау темір жолымен шектеледі;
— батысында Қызылорда тас жолы көшесімен;
— оңтүстікте Б. Саттарханов даңғылы және Х. А. Яссауи университеті аумақтарымен;
— солтүстікте қала шекарасымен шектелген.
Жобаланған ауданның ауданы 2422 га құрайды.
Жобаланған аумақ оңтүстіктен қаланың мәдени-рухани орталығымен шектеседі, сондай-ақ қаланың негізгі көлік артерияларының бірі – Б.Саттарханов даңғылы өтеді.
Шығыс жағында су алу ғимараты орналасқан.
Қоғамдық талқылауға қатысқан Түркістан қаласы тұрғындарының сұрақтарына толық жауап ұсынылды.

Пікір жазу