Отырар ауданының тумасы, Оңтүстік өңірінің мақтанышы, отауызды, орақтілді ақын Дәурен Ақсақалов отау тігіп, қарашаңыраққа келін түсірді. «Жұлдыз» мейрамханасында өтіп жатқан ақынның беташар-тойына алыс-жақынды бағындырып, өнердегі достары мен ақындар келіп, шараның көркін қыздырды.
Тойда алғашқы тілектің кезегін Қазақстанның «Халық ақыны», «Парасат орденінің» иегері – Әселхан Қалыбекова, Отырар ауданының «Құрметті азаматы», ақын Бегаман Сұлтаев, ақын Қайыпназар Қожамқұловтар алып, бел баласындай көретін шәкірттеріне жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Өз кезегімізде біз де Дәурен ақынға отттың амандығын, бақыттың баяндылығын тілейміз!
Ақ Отау құтты болсын!
© Еркеғали Таңатаров