Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Жаңа міндеттер белгіленді, тапсырма-жоспар қайта бекітілді

Жаңа міндеттер белгіленді, тапсырма-жоспар қайта бекітілді

Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.
Күн тәртібі бойынша, қалалық Полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаев — ортақ пайдалану орындары мен абаттандыру қағидаларының сақталуы бойынша жүргізілген рейд нәтижесі мен салынған айыппұлдар туралы; қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков — саласы бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы, инфрақұрылым және коммуникациялар саласына қатысты анықталған кемшіліктерді жою туралы; қала әкімінің орынбасары Талғат Төлегенов – бекітілген индикаторлардың орындалуы, жетекшілік ететін салаларына қатысты тапсырмалардың жүзеге асуы туралы; Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Мұхтар Төлепов — туристік нысандарда жабайы сауда орындарын болдырмау, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған рейдтік шаралардың нәтижесі туралы; қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев — идеология бағытында атқарылатын жобалар, жастар саясатын іске асыру бағытындағы ұсыныстар туралы; қала әкімдігінің аппарат басшысы Талғат Қыдырбаев орындаушылық тәртіп бойынша есептерін ұсынды.
Апта көлемінде, яғни маусым айының 21-28 күндері аралығында Түркістан қаласында ортақ пайдалану орындарын ластау дерегімен 198 құқық бұзушылық анықталып, айыппұл рәсімделген. абаттандыру талаптарын бұзған 105 тұлға анықталып, бірқатарына ескерту шарасы қолданылса, 5 азаматқа хаттама толтырылды. Жолдарды және жол жабындыларын ластаған, 5 жүк көлігінің жүргізушілеріне де айыппұл салынған. Сонымен қатар, қала төңірегіндегі 18 аймақта, яғни белгіленбеген орындарға күл-қоқыс тастаған 20 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мәжіліс барысында «Е-өтініш» жүйесі арқылы түскен өтініштер де сараланды. Жыл басынан бері әкімдікке жүйе арқылы 2126 өтініш түскен. 1801 өтініш мерзімінде орындалып, жауап берілген. 119 өтініш қайта бағыттауға кері қайтарылса, өзге өтініштер мерзімі бар болуына байланысты қаралу үстінде.
Қала әкімінің маусым айында өткен жеке қабылдауы барысында берілген 13 тапсырманың қазіргі таңда 5-уі нақты орындалып бақылаудан алынса, 8-ін апта соңына дейін аяқтап, баяндау тапсырылды.
Мәжіліс қорытындысымен жаңа міндеттер белгіленіп, тапсырма-жоспар қайта бекітілді.

Пікір жазу