Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТАРИХИ ҚАЛАЛАР ӘРІПТЕСТІК ПЕН БАУЫРЛАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТПАҚ 

ТАРИХИ ҚАЛАЛАР ӘРІПТЕСТІК ПЕН БАУЫРЛАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТПАҚ 

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан облысында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша мәселелерді талқылау үшін Вэйнань қаласы халық үкіметінің қала әкімі Чен Сяоюн, Шэнси провинциясының халықаралық достық қоғамы төрағасының орынбасары Цао Хуэймен кездесті.
Кездесу қорытындысымен Түркістан қаласы мен Вэйнань қалалары арасындағы әріптестікті, байланысты нығайту, бауырластық қарым-қатынастарды орнату туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
— Түркістан күллі түркі әлемінің рухани астанасы ретінде даму жолында. Осы бағытта туризмді дамытуға күш салынады. Түркістан қаласы мен Вэйнань қаласы арасында сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мен өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынғым келеді. Бауырластық қарым-қатынастарды орнату туралы бұл келісім өңірлеріміздің түрлі салаларда дамуына серпін беретіне сенім білдіремін, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды өз сөзінде.

Пікір жазу