Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің қызметкерлері  қаладағы Бірлік секторының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Жер қатынастары мен Сәулет және қала құрылысы бөлімінің жауапты өкілдері тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
Жеке мәселесімен келген Бірлік секторының тұрғыны әкесінен қалған үйді отбасы мүшелерінің біріне рәсімдей алмай отырғанын айтып, құқықтық кеңес сұрайды.
Өздерін аталған сектордағы Елім-ай көшесінің тұрғындарымыз деп таныстырған азаматтар жер учаскелеріне қатысты құжаттарында көшенің аты басқаша аталатынын, құжаттағы атау мен қазіргі атауының сәйкес келмейтінін айтып отыр.
Аягөз көшесінен келген азаматтың айтуынша, үйлер арасындағы көлік жүретін жолды көршілес орналасқан балабақша иесі меншіктеп отырған көрінеді. Заңдылығын анықтап беруді өтінді.
Кездесуде сала мамандары аталған мәселелердің заң аясында қарастырылатынын айтып, құқықтық кеңес берді. Ұсыныстардың да бақылауға алынатындығын жеткізді.

Пікір жазу