Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – АТА ЗАҢ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – АТА ЗАҢ

Түркістан қаласында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Тәуелсіздік тірегі – Ата заң» атты мерекелік жиын өтті.
Салтанатты шараны қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев ашып, көпшілікке шаһар басшысының мерекелік құттықтауын жеткізді. Еліміздің Ата заңына арналған мерекеге зиялы қауым өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Шарада Түркістан қаласының дамуына үлес қосқан әр саланың үздіктеріне Алғыс табысталып, құрмет көрсетілді. Қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев жиында сөз алып, ізгі ниетін жеткізді.
Жиын қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Рухты көтеретін әндер шырқалып, патриоттық қойылымдар көрермен назарына ұсынылды. «Семсер тобы» ән шырқаса, қалалық мәдениет үйінің әншілері және «Яссы халықтық би ансамблі» көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Конституция мемлекетіміздің ең басты құндылығы – адам және адамның құқығы мен бостандығының кепілі. Еліміздің басты құжаты қабылданып, қолданысқа енгеніне биыл – 29 жыл толып отыр!

Пікір жазу