Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «ДОСТЫҚ ҮЙІ» ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМА БЕРДІ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «ДОСТЫҚ ҮЙІ» ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМА БЕРДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Түркістанда салынып жатқан «Достық үйі» ғимараты ашылады.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды салаға жауапты басшыларды құрылыс алаңына жинап, бірқатар тапсырмалар берді. Нысанның құрылысы аяқталып келеді. Облыс әкімі нысанның сапасы мен сәні үйлесім тауып, уақтылы берілуі керек екенін ескертті. Мердігерге нақты тапсырмалар берді.
Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа үлгідегі «Достық үйі» ғимаратының жалпы алаңы – 3912,29 шаршы метр. Этносаралық татулықтың ұйытқысына айналатын жаңа ғимараттың құрылысы биыл күзде толық аяқталады деп жоспарланған. Жоба бойынша 150 орындық ғимарат төрт қабаттан тұрады және құрамында мәжіліс залы, этнос өкілдерінің орталықтары орналасады. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне байланысты тақырыптық ішкі әрлеу жүргізіліп, қажетті экспонаттар қойылмақ.
Айта кетейік, өңірде 50-ден аса этнос өкілдері бір шаңырақ астында бейбітшілікте, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Түркістан облысында мемлекеттің өркендеуіне үлес қосып, қазақстандық толеранттылық үлгісін көпке паш етуде 11 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.
Осылайша бейбітшілік пен келісімнің тұрақты мекеніне айналып, бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрудың жаһандық үлгісін қалыптастырды.

Пікір жазу