Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды

Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды

Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдау барысында әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жұмысқа орналасу, кәріз жүйесінің құрылысы жөнінде мәселелер көтеріліп, туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Отырар мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің айналасын көгалдандыру жайын қозғаған тұрғынға күзгі ағаш егу науқаны қазан айында басталатыны, сол кезде тұрғындардың өтініші міндетті түрде ескерілетіні айтылды.
Жұмыс берушінің әрекетіне шағымданған азаматшаға еңбек қатынасы заңмен реттелетіні, келісім-шарт талаптары орындалмаған жағдайда сотқа жүгіну қажеттігі түсіндірілді.
Қала әкімі кәріз жүйесінің құрылысы салдарынан жолдың сапасы нашарлап, қолайсыздық туғызды деген арыз бойынша жауапты бөлімге жолды қалпына келтіруге мерзім белгіледі.
Тұрғын үй кезегіне қатысты туындаған сұрақтарға жауап берген шаһар басшысы қолданыстағы заң талаптарына тоқталды. Сонымен қатар, кезексіз үй алып беремін деген алаяқтарға алданбауға шақырды.
Нұрбол Әбдісаттарұлы жауапты бөлім басшыларына қабылдау барысында берілген тапсырмалардың жеке бақылауында болатынын ескертіп, мерзімінде мәлімет ұсынуды жүктеді.

Пікір жазу