Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістан: қала бюджетінің атқарылуы тұрақты  комиссия отырсында қаралды 

Түркістан: қала бюджетінің атқарылуы тұрақты  комиссия отырсында қаралды 

Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияның біріккен отырысы болып өтті. Жиынды қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы ашып, жүргізіп отырды.
Комиссия отырысына қала әкімінің орынбасары Төлегенов Талғат, Оразбеков Байдулла және қалалық мәслихат депутаттары офлайн , ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн байланыста болды. Сонымен бірге, жиынға қала әкімдігінің «Экономика және қаржы» бөлімінің басшысы Булегенов Олжас Пердебаевич, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Әметов Серік Тәжібекұлы; Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Қалибеков Думан Сейітқұлұлы; Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары-Амирова Зухра Тулебаевна;«Энергопоток» ЖШС-ң қаржы директоры-Жақсылықов Ержан Намазбекович; «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС бас директорының орынбасары Тастанов Арқабай Нурматович; «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ТӨФ директорының орынбасары Бисенбаев Олжас Бердибекович қала әкімдігінің басқа да дербес бөлім басшылары қатысты.
Тұрақты комиссиясының біріккен отырысына ұсынылған мәселелер:
1.2023 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы;
2.Түркістан қаласын электр энергиясымен және газбен қамтамасыз ету туралы.
Комиссия отырысы соныңда қалалық мәслихат депутаттары пікір алмасып, көкейтесті сұрақтары қойылды. Бөлім басшылары өз кезегінде сұрақтарға жауап берді.

Пікір жазу