Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ЯССЫ СЕКТОРЫНДА КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ЯССЫ СЕКТОРЫНДА КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

Бүгін Түркістан қалалық мәслихат төрағасының және мәслихат депутаттарының 2024 жылғы жүзеге асырылған және асырылатын жобалар және сайлаушылардың өтініш, сауалдарын тыңдау бойынша халықпен кездесуі болып өтті.
Аталған кездесуге Түркістан қаласы мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы, Яссы секторына қарасты депутаттар Худияров Ғалымжан, Мансұров Ардақ, Асылов Ақниет пен Жүсіпбаев Нұрсұлтан және де дербес бөлім басшысы қатысты.
Қазіргі таңда, Түркістан қаласында тұрғын үйге мұқтаж ретінде үй кезегінде 16 364 азамат тіркеліп тұр (әлсіз топ — 6485, бюджеттік қызметкер — 4851, көп балалы отбасы — 4835, тұл жетім — 190 және жалғыз баспанасы апатты деп танылған — 3).
Сонымен қатар, 2024 жылы кезектегі азаматтарға тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 1 314 пәтерді сатып алуға 30,2 млрд.теңге қарастырылып (республикалық бюджеттен 1,8 млрд.теңге, облыстық бюджеттен 28,4 млрд.теңге), сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылы Қазыбек би – С.Ерубаев көшелері аралығында 1,82 шқ құрайтын жолдың құрылысын бастау жоспарлануда. Қазіргі уақытта нысанға ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, бюджеттен қаржы сұранысы жасалды. Нысан құрылысы іске асқан жағдайда айналма жол ретінде пайдаланылып, Қазыбек би, С.Қожанов, Әмір Темір көшесіндегі көлік кептелістерінің алдын алуға септігін тигізеді.
Мөлтек ауданның жай-күйін жеткізген тұрғындар кезекпен мәселелерін баяндады. Атап өтетін болсақ, Тілепов көшесінің арам шөбі шабылуын сондай ақ көшенің асфальтталуын, Ж.Еділбаев көшесін қайта қалпына келтіріп берілуі мен Ғ.Мүсірепов, Әйтеке би көшелерінің көше жарық шамының өшіру, қосу уақытын дұрыстап берілуін, Оралман аймағында жарық көзі көп өшетіндігі және. Оралман, Саяжайдағы кейбір көшелерге тас жолын салып беруін сұрады.
Мәселелерін баса назарға алған депутаттар өтініштерді жеке-жеке тиісті бөлімдерге жеткізе отырып, депутаттық сауалдар жолдайтындығын, және аталған мәселелердің оң шешімін табатындығына ықпал жасайтындықтарын жеткізді.

Пікір жазу